Размер шрифта:
Цвет сайта:
Тип шрифта:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қалалық телефон
8 (7172) 74-49-03

Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарына, ресми іс-шараларға автокөлік қызметін көрсету

Толығырақ білу

Кәсіпорын туралы

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 тамыздағы №1289 қаулысына сәйкес құрылды.

Толығырақ білу

Қызмет саласы:

Қызмет саласы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына автокөлікпен қызмет көрсету, ресми іс-шараларға, шетелдік делегацияларға, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғаларға көлік қызметін көрсету.

Стратегиялық мақсаттар

- қойылған міндеттерді мезгілінде және сапалы деңгейде орындауды қамтамасыз ету үшін жоғары білікті мамандар командасын қалыптастыру;
- көрсетілетін қызметтердің сапасын үздіксіз жақсарту, құрылтайшының, қызметкерлердің және тапсырыс берушілердің мүдделерін ескере отырып, заңнамалық талаптарды сақтау арқылы тиімді даму;
- шарттық міндеттемелерді сапалы орындау, қызмет көрсету кезінде заңнамалық және нормативтік талаптарды сақтау арқылы автокөлік қызметтерін сенімді жеткізуші мәртебесін нығайту.

Сапа менеджменті жүйесі СТ РК ISO 9001-2016

ISO 9001-2016 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификатын алу және қамтамасыз ету мақсатында келесі жұмыстар атқарылды:
- бағыттар бойынша кәсіпорын қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттама әзірленіп, бекітілді;
- кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын ИСО 9001-2016 стандарты бойынша оқыту жүргізілді, семинар тақырыбы "Ішкі аудит", Оқыту нәтижелері бойынша " ISO 9001-2016 сапа менеджменті жүйесі. Ішкі аудит";
- ішкі аудит жүргізілді;
- 2018 жылғы 17-19 шілде аралығында "Аналитик АФ" ЖШС сертификаттау жөніндегі органымен ҚР СТ ISO 9001-2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит жүргізілді.
Сертификаттық аудиттің оң қорытындысының нәтижесі бойынша 2018 жылғы 25 шілдеде ҚР СТ ISO 9001-2016 стандартының нұсқасы бойынша сапа менеджменті жүйесінің сертификаты алынды.

Немен айналысамыз

  • КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ
  • ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ
  • СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР
  • МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Автокөлік жалдау қызметтері
Мемлекеттік ұйымдар үшін ұзақ мерзімді негізде автомобильдерді жалға беру
Толығырақ білу
Жеке ұйымдар үшін ұзақ мерзімді негізде автокөлік жалдау
Толығырақ білу
Біржолғы қызметтер
Толығырақ білу
Серіктестер