Размер шрифта:
Цвет сайта:
Тип шрифта:

«Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарамасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қалалық телефон
8 (7172) 74-49-03

2016-11-15 12:35:00

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ ІС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АВТОШАРУАШЫЛЫҒЫ» РМК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР

2016 жылғы 12 қарашасында «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Автошаруашылығы» РМК-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған кәсіпорын қызметкерлері арасында үстел теннисінен турнир өткізілді.

Іс-шара мақсаты - жастардың салауатты өмір салтын насихаттау және жүйелі түрде спортқа тарту.

Кәсіпорын қызметкерлері арасында қажырлы және лайықты күрес өріс алды. Турнирдің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: I орын - Досхан Иманбеков (жетекші маман - маркетолог), ІІ жүлделі орын - Жадігер Сырғабаев (жүргізуші), ІІІ орын – Марат Садуақасов (жүргізуші).

Бөлісу: